Атырау мұнай өңдеу зауыты жазғы дизель отынын шығаруға ауысты

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты жазғы дизель отынын шығаруға көшті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кәсіпорын төлқұжатына көрсетілген мерзімге сәйкес, Атырау МӨЗ ДТ-Л-К-4 және ДТ-Л-К-5 маркалы жазғы дизель отынын шығаруға кірісті. Дизель отынын сүзгіден өткізудің нақты температурасы 50-ден, ал ауа райын есепке алғанда минус 100-ден аспайды», - деп хабарлады «Атырау МӨЗ» ЖШС қоғаммен байланысты бөлімінен.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлім еткендей, дизель отынының өндіріс көлемі жазғы маркаға өткен кезде тәулігіне 3 100-ден 3700 тоннаға артады.