«11 айдың қорытындысы бойынша, мұнайды өңдеуде және мұнай өнімдерін шығаруда жоспар толықтай орындалды. Ол 100 пайыздан асты. Бүгінде зауыт жоспардан тыс 27,5 мың тонна мұнай өңдеді», делінген хабарламада.
Жылдық жоспар бойынша зауыт 16 желтоқсанға қарай 587,1 мың тонна автокөлік бензинін, 29 желтоқсанға қарай 1 370,3 мың тонна дизельді отынын, 22 желтоқсанға қарай 808,1 мың тонна вакуумды газойл өндіреді.
2016 жылдың 12 желтоқсанында реактивті отын өндірісі (116%), пеш отыны (100,2%), бензол (125,6%), сұйытылған газ (113,5%), күкірт шығару (124,3%) орындалған.
Сонымен қатар жыл аяғына дейін қосымша 32 мың тонна автобензин, 1,5 мың тонна дизельді отыны, 7,1 мың тонна сұйытылған газ өндіру көзделіп отыр.