«Өртті сөндіруге негізгі өрт сөндіру техникасының 5 бірлігі, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 17 адамы мен зауыттағы негізгі және арнайы өрт сөндіру техникасының 9 бірлігі қатысты. Жалын 30 шаршы метр аумаққа тарады», - деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Өрт бойынша тергеумен Атырау облыстық ТЖД айналысуда. Оның салдарынан келтірілген шығын анықталу үстінде.
АМӨЗ-ның баспасөз қызметінен бұған дейін хабарланғандай, өртке Атырау мұнай өндеу зауытында ыстық сорғысындағы жабдықтың герметизацияланбауы себеп болуы мүмкін.