«Градирня Атырау мұнай өңдеу зауытындағы кокс және күкірт өндіретін баяу кокстеу қондырғысының ағын суды тазалау ғимаратына қойылды. Нысан 2016-2020 жылдарға жоспарланған зауыттың сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта құруды жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары аясында салынды.
Жаңа градирняның іске қосылуы кокс өндірісіндегі тазартылған суды қайта пайдалану коэффициенттерін арттыруға; блоктағы айналма суды тазалау, ғимаратындағы механикалық ауыртпалықтарды жеңілдетуге, сондай-ақ, ағатын сулардың биологиялық тазартылуына мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Атырау мұнай өңдеу зауытының қоғаммен байланыс бөлімі.