Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтың Атырау мұнай өңдеу зауытындағы механикалық тазарту қондырғысы мен «TAZALYQ» экологиялық жобасын іске асыру барысымен танысуы кезінде белгілі болды.
Зауыттың бас директоры Арман Қайрденовтің мәліметінше, 9 айда мұнай өңдеу көлемі 4 006 000 тоннаны құраған.
«Осы кезеңде 935 738 тонна жанармай, 1 168 276 тонна дизель отыны шығарылды. Шикізаттық мұнайды өңдеу тереңдігі – 76,06%. Қазақстанның ішкі нарығын дизельмен қамтамасыз ету мақсатында қондырғыларды жоспарланған жөндеуді кешірек мерзімге ауыстырылады. Жөндеу мерзімін ауыстыру жыл соңына дейін қосымша 82 251 тонна дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді», -дейді Арман Қайрденов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын жанармай тапшылығына байланысты Атырау мұнай өңдеу зауыты дизель өндіруге кірісетінін жазған едік.