«Бүгін түсте Атырау мұнай өңдеу зауытында баяу кокстеу қондырғысында 10 шаршы метр аумақта насос өртенді. Өрт толығымен сөндірілді, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында құрылғылардың бірінен өрт шыққаны хабарланған болатын.