Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағынан өрт шықты
17:17, 13 Қаңтар 2010
АТЫРАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағынан өрт шықты.
100 метр биіктікке көтерілген қара қою түтін осыны айғақтайды.
Алдын ала деректер бойынша өрт баяу кокстау құрылғысы және мұнай коксін өндіру құрылғысы орналасқан №5 цехтан шыққан. Көтерілген қара қою түтін қаланың тұрғын үй орамдарына қарай жылжып келеді.