Атырау облыстық әкімдігінде ауыс-түйістер болды
Ресми мәлім етілгендей, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Эльдар Жұмағазиев өз еркімен жұмысынан кетті. Бергей Рысқалиевтің командасындағы Э.Жұмағазиев бұл қызметке тағайындалмас бұрын өңірдің барлық мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары енетін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін басқарған болатын. Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының міндеттері уақытша Алмаз Кәрімжановқа жүктелді.
Облыстық мәдениет басқармасының жаңа басшысы болып Әуез Құлжанов тағайындалды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа бастығы болып бұған дейін Астана қаласындағы «Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерві дирекциясы» РМҚК директорының орынбасары болып қызмет еткен Қазбек Иманғали тағайындалды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы бастығы, өз кезінде Бергей Рысқалиевтің көмекшісі болған Берік Жанкиев бір ай бұрын өз еркімен жұмыстан кетті.