Атырауда экономикалық тергеу департаменті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудинді қамауға алды.
Аталған фактіні ведомствоның баспасөз қызметі растады.
Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қызметін 2021 жылдың 1 сәуірінде бастаған. қаржы басқармасына басшылық еткен.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл жағдайдың медицина ведомствосына қатысы жоқ.
Шенеуніктің бұрын облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі.
Оған ҚР ҚК-нің уақытша бөтеннің мүлкін иемденгені немесе ысырап еткені үшін жазаны көздейтін бабы бойынша айып тағылады.