АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл деректі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
Нұрлыбек Қабдықапаров облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып биылғы мамырда тағайындалған еді. Оған дейін бұл лауазымды Байтолла Ғазизов атқарған болатын.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.