Сессияда облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына Әлібек Нәутиев сайланды. Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді.
Сайлау қорытындысына сәйкес, VІІ шақырылымдағы облыстық мәслихаттан «Nur Оtan» партиясына – 25, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 3, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 депутаттық мандат берілген.
Сондай-ақ, жергілікті мәслихат депутаттарының саны 134-тен 141-ге өсіп отыр.
Соның ішінде облыстық мәслихат депутаттарының саны 27-ден 31-ге, ал, Атырау қалалық мәслихатының депутаттары 19-дан 24-ке, Жылыой аудандық мәслихатының депутаттары 15-ке артқан.
«Сайлауалды бағдарламаны орындау мен жаңа реформаларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешудің жүйелі жоспарын жасақтап, тиімді жолдарын табуымыз қажет. Сондықтан, депутаттарды ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын»,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.