Атырау облыстық Полиция департаментінің екі қызметкері тыйым салынған затпен ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық Полиция департаментінің екі қызметкері тыйым салынған затты тасымалдау кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген Төлемісовтің мәліметінше, кеше, 14 ақпанда екі полицей «Атырау-Доссор» бағытындағы автожолда ұсталды. Оларда тыйым салынған заттар болған. Екеуі де – облыстық Полиция департаментінің қызметкері.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деді Ерген Төлемісов.