Атырау облыстық сотында «Сот кабинеті» сервисіндегі жаңа бастамалар талқыланды
Семинар жұмысына Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық стансасының, мемлекеттік кіріс, әділет, ішкі істер департаменттерінің өкілдері қатысты.
Атырау облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары Б. Жолдаспаева өз сөзінде бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен «Сот құжаттарымен танысу» атты жоба іске асырылып жатқандығын, жоба шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға ақпараттық талон беру қарастырылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» арқылы соттарға әкімшілік істерді электрондық түрде жіберу туралы «Әкімшілік істі жіберу» сервисінің жұмысы таныстырылды.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.
Іс-шараны өткізу барысында іс-шараға қатысушыларға «Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істерді жіберу» ақпараттық электронды сервисінің сотқа құжаттарды электронды түрде беру тәртібі жан-жақты таныстырылды.
Кездесу соңында іс-шараға қатысушы мемлекеттік органдар өкілдері жаңа ақпараттық онлайн қызмет түрлері қолданысқа кеңінен енетініне сенім білдірді.