Атырау облысы: Әкімдік ғимаратында өрт шығу себептерінің бірі белгілі болды

None
АТЫРАУ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Атырауда Алмалы ауылдық өңірі әкімдігінің ғимараты толығымен өртеніп кетті. Өрттің тұтануына электр желісіндегі ақау себеп болуы мүмкін.

Қамыс тақтадан салынған әкімдік ғимаратында кітапхана, учаскелік полиция инспекторының бөлмесі болған, аумақтың бір бөлігінде сауда орындары орналасқан болатын.