Атап айтқанда, есепті кезеңде нақты ақшалай табыстар 0,1 пайызға өскен. 2014 жылғы қазанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда болып, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2-1,8 есеге артқан.
2014 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 22-38 пайызға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Маңғыстау облысы мен Астана қаласында белгіленді.
2014 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,5 есені құраған.