«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады күдікпен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, ол жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін 10 мың АҚШ долларын талап етіп, оның 3 мың долларын алды деп күдіктеледі.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.