Атырау облысы мен РФ шекарасында 20 тонна контрабандалық балық ұсталды
13:31, 04 Мамыр 2013
АТЫРАУ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Атырау облысында Ресей Федерациясының Астрахан облысымен шекарада 20 тонна контрабандалық балық ұсталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова мәлім еткендей, заңсыз жолмен ауланған - сазан, лақа, ақтабан және торта шабақ балықтарын Ресей азаматы алып өтпек болған. Балық тәркіленді, контрабандашы тұтқындалды. Тергеу жүргізілуде.