Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте – 7 қазанда қауіпті вирустың белгісі 35 адамнан анықталған.
Оның ішінде Атырау қаласында 22, Теңіз кен орнында 4 науқас тіркеліп отыр. Ал, Қызылқоға ауданында – 3, Құрманғазыда – 2, Мақатта – 2, Исатай ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.
«Қазір үй жағдайында ем-дом алу үшін 475 адам оқшауланды. Ал, инфекциялық стационарларда 234 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 93, №2 облыстық ауруханада – 48, аудандардағы инфекциялық стационарларда 33 адам ем қабылдауда. Сондай-ақ, Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы стационарда 60 пациент ем-дом шарасын алып жатыр. Өткен тәулікте қауіпті вирустан 35 адам емделіп шықты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар біршама
азайғанын хабарлаған болатынбыз.