Облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцина дозалары екпе бекеттеріне таратылған.
«Атырау облысының тұрғындары демалыс күндері де вакцина ектіре алады. Оның ішінде QаzVac вакцинасын да салдыруға болады. Covid-19 инфекциясына қарсы белсенділігі жойылған бұл вакцинаның 1 құтысына 1 доза құйылған. Қазір өңірдегі барлық емханада аталған вакцинаның 500-ден 1 000-ға дейінгі дозасы бар» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендегенін жазған едік.