Атырау облысына жаңа имам тағайындалды-ҚМДБ

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің бұйрығымен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі және Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы болып қалалық «Құспан молла» мешітінің наиб имамы Амантай Садиев тағайындалды.

Жаңа имамды тағайындау үшін арнайы іс-сапармен өңірге ҚМДБ-ның өкілдері - наиб мүфти Қайрат Жолдыбай, оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков және мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Қосбағар келді.