Бұған дейінн Токиодағы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болғаны хабарланған еді.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміне атыраулық 7 спортшы енген.
Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарына түрлі халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған 5 атыраулық парадзюдошы кірді.
«Олар – Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлұлы, Зарина Байбатина мен Жанбота Аманжол. Сондай-ақ, жүзуші Ержан Сәлімгереев пен таэквондошы Нұрлан Домбаев та бар», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.