Атырау облысынан Астанаға 20 тоннадан астам балық жеткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25-26 тамызда Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласының өкілдері 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін, 10 тонна ет өнімдерін, 2,5 тонна сүт өнімдерін жеткізбек. «Карат» пен «Асыл агро» кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.

Балық өнімдерін атыраулық «Аманкелді» мен «Тілекші» кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының «СевКАзКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны ұсынады.

Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.