Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ұсынылғандардың арасында өндіріс, темір жол, әуежай байланысы және білім саласының қызметкерлері бар.
«Облысымыздан Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің екеуі - өндіріс, тағы екеуі - темір жол, әуежай байланысы салаларының, біреуі - білім саласының қызметкері. Үш кандидаттың екі жоғары білімі бар. Нақты мамандығын айтар болсақ, екеуі - экономист, біреуі - заңгер, біреуі - психолог, тағы біреуі - теміржол саласының маманы», - деді Азамат Айманакумов.
Айта кетейік, Сенат депутаттығына ұсынылған үміткерлердің орта жасы - 52-де, ал ең жасы - 44-те.