Бүгін таңертең өзенге батып кеткен ер адамның денесі табылды.
«1976 жылы туған ер азаматтың денесі бүгін таңертең сағат 08.05-те Атырау қаласындағы Көктем ықшамауданындағы Жайық өзенінен табылды. Іздеу жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері мен арнайы қайықтар жұмылдырылды. 1976 жылғы ер азамат суға түсуге тыйым салынған жерде батып кеткен. Арнайы жасақ құтқарушылары мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында осымен 10-ыншы адам суға кетті. Талдыкөл кентіндегі 8 жасар баланың денесі әлі табылмады. Іздеу жұмыстары жалғасуда.