Бұған дейін Атырау облысында 38 мыңнан астам абонент жарықсыз қалғанын жазған едік.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының 16 ауылында электр энергиясы 5 наурызда түнгі сағат 5:30-да сөнген. Бұған электр желісіндегі ақау себеп болған.
«Бүгін, 6 наурызда жергілікті уақытпен сағат 20:00-дегі мәліметке сәйкес, 5 140 абонентке электр энергиясы берілді. Ал, Теңіз, Бірлік, Сафон, Кудряшов, Көптоғай, Еңбекші, Мақаш, Ақкөл, Қиғаш және Жыланды ауылдық округтерінде ақауды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа «Атырау-Жарық» АҚ-ның 10 бригадасы, 60-қа
жуық жұмысшы мен 23 техника тартылды», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.