Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 20 шілдеде «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін 634 адам алған.
«Биылғы 1 ақпаннан 20 шілдеге дейін қауіптівирусқа қарсы вакциналардың І компонентін салдырған адамдардың саны 130 401 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін 74 988 адам ектірді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 121 мыңнан астам вакцина алғанын хабарлаған едік.