Атырау облысында 14 мыңнан астам педагог пен 6 мың студент вакцина салдырды
14:17, 03 Қараша 2021
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 14 мыңнан астам педагог пен 6 мың студентвакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа
сүйенсек, кеше, 2 қарашада коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың бірінші
компонентін 394 адам ектірген.
«Атырау облысында биылғы 1 ақпаннан 3 қарашаға дейін вакциналардың бірінші
компонентін ектірген атыраулықтардың саны 240 968 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 14
мыңнан астам педагог пен 6 033 студент бар. Ал, вакциналардың екінші компонентін 217
284 адам салдырды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда вакцина салдырған он адамның әрқайсысы 1 млн
теңгені ұтып алғанын хабарлаған едік.