Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың ақпаратына сүйенсек, соңғы тәулікте тексеруге 43 сынама жіберілген.
«Оның ішінде 18 сынамадан «дельта» штамы анықталды. Өңірде қауіпті вирус өршіп тұрғанына қарамастан, әртүрлі іс-шараны өткізуді, оған қатысу тоқтамай тұр. Жақында мониторинг тобы осындай 74 іс-шараны анықтады. Бұл былтырғы осы кезеңде індеттің өршігенін ұмытқанымызды байқатады. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін сақтап, вакцина алуға шақырамын» -деді Мәдениет Таниуов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коронавирус жұқтырған 24 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.