Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,
ревакцинаны алатындар саны 2 286 адамды құрап отыр.
«Атырау облысында 23 қарашадан бері ревакцинаны 224 адам салдырды. Ал, биылғы 1-28
ақпан аралығында Спутник – V вакцинасын ектірген адамдардың саны – 2 286. Енді олар
ревакцинаны алуы керек. Бұған 8 санаттағы адамдар кіреді. Олар – педагогтар мен
медицина саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен
полицейлер, мемлекеттік қызметшілер мен студенттер. Сондай-ақ, бұл санатта арнайы
мекемелердің қызметкерлері мен созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер бар», -
деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова
ревакцинациядан өткенін жазған едік.