Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға бүгін, 21 сәуірде Қызылқоға ауданында болған.
«Қызылқоға ауданында тұратын 1996 жылғы жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да атпен Ойыл өзенін кесіп өтпек болған. Алайда, өзеннің жағалауына жете алмай, суға батып кеткен. Бүгін, 22 сәуірде сағат 10:45-те Тайсойған ауылынан 15 шақырым қашықтағы Ойыл өзенінде суға батқан жігітті іздестіру басталды. Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 4 қызметкері мен жергілікті 10 тұрғын тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлаған едік.