Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін 267 490 адам салдырды. Ал 251 960 адам вакциналардың II компонентін ектірген.
«Өңірде 20 қарашада басталған Pfizer екпесін салдыру жалғасып жатыр. Осы кезге дейін бұл вакцинаны алғандар саны 6 514 адамға жетті. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 3 537 жасөспірім, бала емізіп отырған 2 674 ана мен 303 жүкті әйел бар. Сондай-ақ, былтырғы 23 қарашадан бері 34 596 адам қайта вакциналаудан өтті», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 6 262 адам Pfizer вакцинасын салдырғанын жазған едік.