Атырау облысында 27 адам қар құрсауынан құтқарылды

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - 15 ақпан күні, сағат 20.30-да Атырау облысының Жылыой ауданында ТЖД-ның кезекшісіне «Атырау-Доссор-Бейнеу» күре жолының 15-інші шақырымында 25 адам мен 5 техника, сонымен қатар «Масабай» кен орнынан 35 шақырым жерде 2 адам мен 1 техника қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабар келіп түсті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жылыой ауданының  «Өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстарының қызметі» ММ-нің (жеке құрамының 3 адамы және 1 техникасы) көмегімен адамдар мен көліктер құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ.