АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазір өңірде өткір тұрған проблеманың бірі –медицина кадрларына тапшылық.
«Атырау облысында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тікелей эфирде өткен брифингте.
Атап өтілгендей, қазір медицина саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.
Жолдасбек Шөпеғұл
1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған. 2020 жылғы ақпаннан бері «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінде Атырау облысындағы тілшісі болып жұмыс істейді.