Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте қауіпті вирусты 22 адам жұқтырған. Бұл тәулікте Атырау қаласында 18 науқас тіркелген. Ал, Теңіз кенішінде 2 жұмысшы, Жылыой ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.
«Қазір үй жағдайында 190 адам ем-дом қабылдауда. Өңірдегі 730 орындық инфекциялық стационарларда 179 науқас емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме – 24,5 пайыз. Модульдік ауруханада – 104, Теңіз кенішіндегі стационарда – 47, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 23, ал, №2 облыстық ауруханада 5 пациент оқшауланған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, 75 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 14 науқас жатыр. Жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 18,7%-ды құрап отыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.