Атырау облысында 500-ден астам анаға азық-түлік себеті таратылды
23:48, 08 Наурыз 2022
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 8 наурыз мерекесіне орай 500-ден астам анаға азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл акция облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бастамасымен қолға алынған.
Азық-түлік себеті тылда еңбек еткен және әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты аналарға беріліп отыр.
«Қазір Атырау қаласында аталған санатқа жататын 170 адам тұрады. Ал, облыста әлеуметтік тұрмысы төмен топ санатында 500-ден астам адам бар. Оларға азық-түлік түрлері слаынған себетті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының еріктілері жеткізіп берді», -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында алтын, күміс алқалы аналар қатары көбейгенін хабарлаған болатынбыз.