Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 25 мамырда «Спутник V», «QazVac» және «Hayat-Vax» вакциналарының І компонентін жергілікті 908 тұрғын салдырған.
«Өңірде 1 ақпан-25 мамыр аралығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін салдырғандардың саны 51 511 адамға жетті. Ал, вакциналардың ІІ компонентін 20 712 адам алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған едік.