Атырау облысында 558 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат берілмеген

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 558 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат берілмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда қазақстандық 91 057 маман жұмыс істейді.

«Былтыр шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 10 567 квота бөлінген еді. Ал, биылғы квотаның саны – 7723. Жыл басынан бері шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия шешімімен 558 шетел азаматының өтініші қабылданбады. Жұмыс берушілерге 1 қазанға дейін шетелдік мамандарды қабылдау үшін 6 244 рұқсат берілді. Оның ішінде 1-санатқа 39, 2-санат үшін 956, 3-санат бойынша 4192, 4-санатқа жататын 425 рұқсат бар. Сондай-ақ, 621 шетелдік маусымдық жұмысқа тартылып, шетелдік 11 маман корпоративтік ауыстыру шеңберінде атқаратын жұмысын өзгертті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында шетелдік 16 жұмысшының жалақысы төмендетілгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар