Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дәрігерлер тұрғындарға вакцина салдырудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жандандырған.
«Осындай іс-шараның нәтижесінде былтырғы 1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін алған атыраулықтардың саны 269 198 адамға жетті. Вакциналардың ІІ компонентін 255 337 адам ектірді. Ал, Pfizer вакцинасын 7 358 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жастағы 3 980 жасөспірім, бала емізіп отырған 3 980 ана мен 359 жүкті әйел бар», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бүгіге дейін қайта вакциналаудан 45 226 адам өткен.
03:15, 11 Наурыз 2022
Атырау облысында 7 358 адам Pfizer вакцинасын салдырды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 7 358 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.