Облыстық білім басқармасынан хабарлағанындай, жыл аяғына дейін Жұмыскер, Индербор және Сафоновка кенттерінде 624 орындық үш жаңа мектепте сабақ басталады. Гран және Тайсойған ауылдарында да оқушылар 220 орындық екі жаңа мектептің парталарына отыратын болады. Талдыкөл аулында - 250 орындық және Мақат кентінде 424 орындық мектептер балаларға есіктерін айқара ашады.
Облыс орталығындағы Алмагүл және Нұрсая шағынаудандарында әрқайсысы 320 орындық екі балабақша пайдалануға беріледі.