«Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Кіреберіс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, ер адам біреудің үйіне заңсыз кірген. Бұл кезде үйде әжейден басқа ешкім болмаған. Қылмыскер зейнеткердің алтын сырғаларды жұлып алған. Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстады. Оның әрекеті ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) келеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді өңірдің ПД баспасөз қызыметі.
21:45, 10 Қыркүйек 2020
Атырау облысында 84 жастағы әжейді тонап кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 84 жастағы кейуананы тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.