Атырау облысында 85 адам коронавирусқа шалдықты

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында бір тәулікте 85 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қауіпті індетке шалдыққан науқастардың дені – 58 жұмысшы Теңіз кенішінде анықталып отыр. Ал Атырау қаласында 15 адам коронавирус инфекцисын жұқтырған. Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 4, Қызылқоғада – 3, Құрманғазыда –3, Махамбет ауданында 2 адамнан қауіпті вирус табылған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазір 231 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Облыстық инфекциялық стационарда 100, аудандардағы стационарларда 43, Теңіз кен орнындағы стационарда 806 адам ем қабылдауды жалғастыруда», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте коронавирустан 125 адам сауығып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында соңғы тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған болатын.



Соңғы жаңалықтар