Оқыту барысында департаменттің басшысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Жұмағұлов, сондай-ақ лекторлар заңдардың негізгі нормалары мен ережелеріне нақты тоқталып, слайд материалдарын көрсете отырып лекция оқыды. Соңында курсқа қатысушылар алған білімдерін тексеру үшін ҚР заңнамалары бойынша сынамалық тест тапсырды. Аталған курстар 27 қыркүйекке дейін жалғасты.
Айта кетерлігі, 4 - 15 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялаған болатын және оған Атырау облысы бойынша 26 кандидат құжат тапсырды. Қазіргі уақытта 26 кандидаттың 2-уі тестілеу кезеңінен сәтті өтіп, келесі кезең әңгімелесуге жіберілді, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жепмқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.