«Өңірде АИТВ жұқтырғандар саны жыл сайын артып келеді. Егер өткен жылы 4 айда АИТВ 12 адамнан анықталған болса, биыл осы мерзімде 27 жағдай тіркелген. Соңғы 30 жылда ЖИТС-тен 13 адам қайтыс болды, 293 адам диспансерлік есепте тұр. 2022 жылы инфекция жұқтырғандардың арасында 11,3% немесе 3 адам инфекцияны есірткі қабылдау кезінде жұқтырған, 51,8% немесе 14 жағдай гетеросексуалдарға, 18,5% немесе 5 жағдай гомосесуалдарға тиесілі. Өзге жағдайларда вирус медициналық емес манипуляция жағдайында жұққан»,-деді Аягөз Әбілғазиева.
Оның мәліметтерінше, АИТВ жұқтырғандардың жасы 15-49 аралығында. Басым бөлігі ер адамдар.