«Сүйек тектес затты Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев есімді азамат Жайық өзенінен тауып алыпты. Салмағы 26 кг болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғандығына қарағанда ұзындығы 1 метр шамасында», деп хабарлады аудандық газет тілшілері.
Айта кетелік, әлеуметтік желідегі таралған «УАЗ» автокөлігіне сүйеулі тұрған бұл алып тоқпан жілік көпті елең еткізді.