Қаржы мониторингі агентігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінде «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-нің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдіктілер әлеуметтік нысандардың (мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені) құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегімен ұсталды. Серіктестік басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс шеңберінде Атырау облысы Құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары (қазіргі таңда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары) Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары қамалғаны хабарланған еді.