Атырау облысында ауыл әкімі 7 жылға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Мақат ауылдық округінің әкімі Жанболат Жүнісов алаяқтық үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті Мақат ауылдық округінің әкімі Жанболат Жүнісовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ауылдық округ әкімі алаяқтық жолмен Атырау қаласының тұрғындарынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алып беруге көмектесу үшін барлығы 15,7 млн теңге көлемінде ақша алған. Атырау қалалық сотының үкімімен Ж.Жүнісов 7 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментінен.

Сондай-ақ бұрынғы әкімнің заңсыз жолмен тапқан дүние-мүлкі де тәркіленетін болады.