Атырау облысында базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бірнеше нысанның сенбі, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысына сәйкес, азық-түлік сататын және сатпайтын жабық базарлардың, спорт кешендері мен фитнес орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдарының, сауналар, СПА орталықтары мен бассейндердің сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілгенін хабарлаған болатынбыз.