«Исатай ауданы Жамбай кентінің маңында екі қуатты шетелдік моторы бар браконьерлік мақсатқа пайдаланылған қайық ұсталып, одан 304 дана бекіре және шоқыр балықтары тәркіленді. Балықтардың барлығының дерлік әлі толық жетіле қоймаған», - деп хабарлады орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.
«Тәркіленген балықтардың салмағы 1 тонна 89 келіні құрайды. Ұсталған төрт браконьер де Жамбай кентінің тұрғындары болып шықты - үшеуінің жасы 26-да және біреуі 24-те. Оларды Дамбы кентінің инспекция бөліміне алып кетті. Екі моторы бар қайық «Арнайы автобаза» ЖШС аумағына жеткізілді», - деді инспекция басшысы.
Браконьерлік фактісі бойынша тергеу жұмыстары басталды.
20:11, 05 Қараша 2017
Атырау облысында бекіре және шоқыр балықтарын аулаған браконьерлер ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысында Каспий теңізінде орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері 304 бекіресі мен шоқыр балықтары бар браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.