«Ауданымызда әлдебір белгісіз дерттің салдарынан ірі қара қырылып жатыр. Өткен айда 275 ауру сиыр тіркеліп, олардың 120-сы өлген, қалғандары бақылауға алынды. Қазір зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр, облыстық радиологиядан радиацияларды жою үшін мамандар шақырылды. Әзірге сиырлардың ауруға шалдығу себебі жайлы нақты ештеңе айта алмаймыз», - деді Исатай ауданының әкімі Марат Мұрзиев.
Айта кетейік, маусым айында Исатай ауданында жылқылар сақау ауруына шалдыға бастады. Қазіргі уақытта 250 жылқының дертке шалдыққаны тіркеліп, олардың 138-і өлген. 40 жылқы жазылу сатысында, 72 - мал ветеринар мамандардың бақылауына алынған. Қазір жылқылардың жаппай қырылуы тоқтатылды.