Атырау облысында бетперде киген ер адам жанармай құю стансасын тонады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында көлікке жанармай құю стансасы тоналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құлсары қаласында бетперде киген ер адам жанармай құю стансасының кассирін қаруға ұқсас затпен қорқытып, саудадан түскен жарты миллионға жуық теңгені алып кеткен.

Жедел-іздеу шараларының барысында қарақшылық тонау жасады деген күдікпен 1991 және 1992 жылғы екі ер адам ұсталды. ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Автор: А.Соколов